• Басты бет
  • /
  • Жол қозғалысының жас инспекторларының қалалық слеті
Жол қозғалысының жас инспекторларының қалалық слеті

21 сәуірде біздің мектептің қабырғасында Жас жол қозғалысы инспекторларының қалалық слеті өтті. Біздің қалада бұл іс-шара 48- рет өткізіледі, бірақ қозғалыстың өзі биылғы жылы 50 жылдығын атап өтеді.
Қостанайдың 32 мектебінің оқушылары Жол қозғалысы ережелерін білуде бақ сынасты.
Оқушыларды барлық байқауларда кәсіпқойлар сынады.
Осылайша, "Жас реттеуші" байқауында оқушылар барлық талаптарды жол-патрульдік полиция инспекторының қатаң бақылауымен орындап, лайықты көрсеткіштерін көрсетті.
Сонымен қатар, қатысушылар "Жас санитар", "Саптық байқау", "Мәнерлеп велосипед жүргізу", "Агитбригада", "Жол қозғалысы ережелерін білушілер", "Эрудиттер турнирі", "Жас реттеуші"байқауларында өздерін көрсетті.
Қостанай қаласы және Қостанай облысы білім бөлімінің өкілдері, Қостанай қ. ЖЖЕБ ПБӘ ПБ инспекторлары, білім беру және жол полициясы жүйесінің ардагерлері және № 4 емхананың медицина қызметкері құрамындағы құзыретті қазылар алқасы оқушылары Жол қозғалысы ережелерін жақсы білетін мектепті анықтады.
Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар былайша бөлінді:1 - орын-19 ЖББМ-нің ЖЖИ жасағы, 2 - 21 ЖББМ-нің ЖЖИ жасағы және 3-орын 23 ЖББМ-нің ЖЖИ жасағы.
Іс-шараны ұйымдастыру және отрядтарды дайындау жоғары деңгейде болды. Барлық жігіттер позитивті және жеңіске дайын болды. Келесі жылы сәттілік тілейміз!